Қасиетті Рамазан айында «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің теолог маманы Анаргүл Демеутова теректілік жамағатпен кездесіп, діннің мағынасы мен түсінігі, адамның дінге мұқтаждығы, алғашқы діннің пайда болуы жөнінде мағлұматтармен бөлісті.
Қатысушылар көкейіндегі сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды.
Рамазан айына, әсіресе, оразаның бұзылып-бұзылмауына қатысты барлық сауалға Анаргүл Темірболатқызы толыққанды жауап берді.
Теректі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
