Ұлық айдың құрметіне орай ҚМДБ-ның бойынша өкілдігінің бастамасымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Аталған іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көпбалалы аналар, жетімдерге азық-түлік қоржыны таратылды.
Рамазан айында облыстық «Орал» орталық мешітінде, Түлбаев Мұхаммед-Гариф атындағы Орал қалалық мешітінде, «Бөрлі», «Жаңақала» аудандық мешіттерінде тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға 150 данадан Рамазан қоржыны тегін берілді.
Орал орталық мешітінің бас имамы Самат Алибаевтың айтуынша, азық-түлік себеттері 150 отбасына таратылды.
Қайырымдық іс-шарасы барысында облыстың бас имамы Оралдың, ауданның атымтай жомарт азаматтарын сауапты іске үлес қосуға шақырды.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі