Ор ~ асқазан,
Аза тұту нәпсіні.
Ас пен судан тиылған соң қақсыды.
Сондықтанда ОрАза деп аталған,
Біл,
Мұсылман,
Бар осында Хаһ сыры.
Ораза тұт,
Мың қалаудан тиылып.
Жатсын жанға
Хаһтың нұры құйылып!
Жәннат бағы,
Раян тағы тұр ма екен,
Мұсылманым,
Фердаус бақ бұйырып!
Ең әуелі көзіңді тый,
Көруден.
Қуат алсын,
Сөнбей тұрып сөнуден.
Сөзіңді ти,
Өзіңді ти,
Өмірде
Бақытың тап,
«Өлмей тұрып – өлуден.»
Ораза тұт,
Ұнау үшін Аллаға!
Түсу үшін,
Тақуалық арнаға.
Бір Алланың ризалығын ал,
Момын.
Миғражың намаз сайын самға да!
Шықпай тұрып
Саған үкім,
Жаназа.
Тұтқан асыл,
Алла берген ораза.
Оразаның сауабына сан жетпес,
Жабылып кеп періштелер санаса!
Бір Алланың ризалығы үшін де,
Кір болмасын ниетің мен ісің де.
Не жатқанын біледі Алла ішіңде,
Ораза тұт,
Қу нәпсіңді ісірме!
Бұл ораза кешірімнің кеніші,
Нәпсі тию ~ Алла сүйген ер ісі.
Отыз күнгі оразамен түзелер,
Мұсылманның мінездегі кемісі.
Қияметте тәтті оның жемісі.
Ораза тұт,
Оразалы адам бол!
Он екі айдың сұлтаны –
Мұсылманның жемісі һәм жеңісі!
Иншаллаһ!
Мұнайдар Балмолда