Қасиетті Рамазан айы келіп жеткелі республикамыздың барлық өңірлеріндегі мешіттерде түрлі шаралар ұйымдастырылып, қызметтер көрсетіле бастады.
Соның бірі – тегін такси қызметі.
ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы Орал қалалық мешіті мен Серебрякова ауылындағы «Айту ата» мешітінде тегін таксилер қызметін халыққа ұсынды.
Бұл қызмет аясында мешітке тарауих намазына қатысушы жамағаттар, мешітке аяқ басқан тұрғындар таксимен үйлеріне тегін жеткізілуде.
Бұл қызметке аталған мешіттер атсалысты.
Жақсы істің басында жүріп, халыққа Рамазан айының келуін осылайша сезіндірген өкіл имам Самат Алибаев мешіт ұжымына жамағат та дән риза болып, алғыстарын жеткізуде.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі