Қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде аудандық мұсылмандар мешітінде мешіт жамағатының діни сауаттылығын арттыру бағытында білім сайыстары өткізілуде. Қазіргі қоғам діни сауатты азаматтарға аса мұқтаж. Кезіндегі Алаш көсемдері де өздерінің діни сауаттарын ауыл молдаларынан ашқан. Діни сауатты болуға әр адам жауапты. Қазіргі кезеңде діни адасушылықтардың да негізгі себептерінің бірі діни сауттылықтың болмауында жатыр. Осы ретте «Ізгілік» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы ҚБ-гі мешіт жамағатының білім деңгейін көтеру, білімге деген құлшыныстарын арттыру, жамағатты пайдалы білім іздеуге ұмтылдыру бағытында сұрақ-жауап сайыстарын өткізді. Келген жамағат арасында білімділігімен көзге түскен жас білімпаздарға қоғамдық бірлестік атынан ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.