Қасиетті Рамазан айының рухани құндылықтарын насихатттау, теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында дін саласы бойынша жұмыстанатын аудандық ақпараттық-түсіндіру тобынының құрамы, «Ізгілік» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы ҚБ-нің төрағасы Әмірбек Жәнібеков және аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Әділжан Бекқазиев арнайы Жусандыой ауылдық округінде болып ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесудің алғашқы сөз кіріспесін бастаған теолог маман іс сапардың арнайы мақсатына тоқталып, тұрғындардын діни сауаттылық деңгейін арттыру қажеттілігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді. Аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Төлебайұлы Рамазан айының қадір қасиеті мен шарапаты, арақ шараптан тыйылу, қайырымдылық істерді көптеп жасау сынды мәселерге тоқталып өтті. Жиын соныңда Құран оқылып, елдін амандығы үшін дұға жасалынды.
Қаратөбе аудандық мешітінің баспасөз қызметі