БАЛҒЫНДАР ҚУАНДЫ

Жалпақтал мешітінің бас имамы дінтанушы, Тілекқажы Ахмеджанұлы Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан тәбәрігі» жобасы аясында «Балдаурен» балабақшасының бүлдіршіндеріне шырын мен тәттілері бар пакеттер тарту етіліп, балаларға қуаныш сыйлады.
Одан өзге Бас имам балабақша ұжымын Рамазан айымен құттықтап, «Оразаға қатысты парақша кітабын» табыстады. «Балдаурен» балабақшасына бүгінгі таңда 150- бала қатысады. Биыл Рамазан айында балаларға қуаныш сыйлаған Жалпақтал мешітінің бас имамына балабақша меңгерушісі Салтанат Тасжанқызы алғысын білдірді.
ЖАМБЫЛ ЖҰМАРЫСТАНҰЛЫ,
ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ