Мешіт ауласында сенбілік жасады

К. Мендалиев ЖОББ мектебінің 11 сынып оқушылары Жалпақтал мешітіне келіп, Рамазан айының құрметіне мешіт ауласындағы саялы баққа сенбілік жасады. Жастарымыздың өз туған жерлеріне деген жанашыр қамқорлықтары ауылымыздың сәулетті де, таза болуына үлкен сеп екендігі даусыз. Жалпақтал мешітінің бас имамы Тлепберген қажы Ахмеджанұлы мектеп балғындарының еңбектеріне разы болып, оларға үлгілі тәлім-тәрбие беріп отырған отырған ата-аналарына және мектеп ұстаздарына ақеділ алғысын айтты.Әр уақытта жастарымыз еліне, туған жеріне, өзін қоршаған табиғат аясына мейрімділікпен қамқорлық жасаулары жастардың бойында имандылықтын алғы шарттары қалыптаса бастағандығын көріп қуандық.

Жалпақтал мешітінің баспасөз хатшысы : Жамбыл ЖҰМАРЫСТАНҰЛЫ