«Халал Дамудың» БҚО бойынша жауапты өкілі Асылбеков Асхат Тәжиден Батырұлы қалалық мешітте жамағатқа арнап жайылған ауызашар дастарханын тексерді.
Қасиетті айда ауызашар ұйымдастыратын қала мешіттерінде азық-түліктің, ас-судың халал стандартына талаптарына сәйкес болуы, мамандар тарапынан тексерілген өнімдердің қолданылып, ұсынылуы тексерілді. Санитарлық талаптардың орындалуы да жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді.