Жаңақала ауданындағы спорт шара

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Жаңақала аудандық мешітінің жамағаты арасында «Ұлттық спорт түрлерінен» сайыс ұйымдастырылды.

Алдымен ауданның бас имамы Жомарт Лұқпанов сөз алып, ұлық аймен құттықтап, жарысқа қатысушаларға сәттілік тіледі.

Жарыс өте тартысты өткенін жамағатымыздың ұлттық спортқа деген қызығушылығынан байқауға болады.

Жиырмадан аса адам қатысқан жарыста, үш сайыс қорытындысы бойынша
Бас жүлдені
Әділғалиев Ақжол иемденсе,
екінші орын
Өтепқалиев Нұрлыбекке бұйырды.
Ал үшінші орынды
Жүнісов Нұрбек алды.

Бас имам Жомарт Санатұлы дипломдарды өзі табыстап, жамағатқа ризашылығын білдірді.

Ұлттық спортымыз дами берсін. Қатысқан барша бауырларға Алла разы болсын.

Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі