Жәнібек ауданындағы рухани шара

Жәнібек аудандық мұсылмандар мешітінің ұйымдастыруымен 5- 10 жас аралығындағы балалар арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбындағы брейн – ринг интеллектуалдық ойыны өтті.

Ойынға 6- бала қатысты.

Ойынымыз 6 – бөлімнен тұрды:

І – кезең.

«Дәстүріңді ұмытпа» Кім жылдам капитандар сайысы.

ІІ – кезең.

«Парасаттылық ізгі қасиет» білгірлер сайысы бұл бөлімде екі топқада бірдей сұрақтар қойылды, сұраққа тез әрі дұрыс жауап берілген жауап қабылданды.

ІІІ – кезең.

«Саналы ұрпақ жарқын болашақ» бұл бөлімде топтарға қағаз, қалам беріледі және т.б материалдарды пайдаланып жоба құруы қажет.

Жобаны әр топ қорғады.

Ойынға «Қобыланды»тобы мен «Қыран» тобы қатысты.

Оқ бойы озық болып “Қыран тобы” жеңіске жетті.

Сайысқа қатысып белсенділік танытқан жасөспірімдерге алғысымызды білдіреміз.

Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі