Қазыналы қарттарымыз риза болды

Қасиетті жұма күні, Жалпақтал мешітінің бас имамы дінтанушы, Тлепберген қажы Ахмеджанұлы Жалпақтал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, қарттар үйіндегі қариялармен кездесіп, дастархан жайып 41 адамға ауызашар берді.

Осындай жылы, жарық сәулетті орында сіздерді қамқорлықтарына алып, жағдайларыңды жасап отырған әуелі Аллаға сосын ел басшыларына риза екендігін бас имам жеткізді.

Құран Кәрім оқылып, дұға тілеп, қасиетті Рамазан айының ерекшіліктеріне тоқталды.

Қазыналы қарттарымыз бас имамның Рамазан айының ішінде келіп ауыз аштырғанына ризашылықтарын білдіріп, қуанып, батасын берді.

Кездесу соңында қарттар үйінің директоры Утегалиев Нұрлан Серікұлы мешіт ұжымына жылы лебізін айтып, алғысын білдірді.

ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ