Орал орталық мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Шақаев Бағдат Русланұлы Орал орталық мешітіне ұстаз қызметіне тағайындалды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің Жарғысына сәйкес Бағдат Русланұлы Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешітінің азаншысы қызметінен босатылып Орал орталық мешітіне ұстаз болып тағайындалды. Бас мүфти бұйрығын облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы жұма намазының алдында көпшілік жамағатқа оқып, ұстазды таныстырды.

Бағдат Русланұлы ұстазға дін жолында аянбай еңбек етуіне сәттілік тіледі.

Бағдат Шақаев Орал медресесінің түлегі, Ақтөбе қаласындағы А. Жұбан атындағы университетінде жоғары білімді, білікті имам. Аудан, қала мешіттерінде имандылық жолында абыройлы еңбек етті.

Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз.

Орал орталық мешітінің баспасөз қызметі