Жас қырандар арасында бата беру сайысы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жалпақтал мешіті мен Жалпақтал жастары жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесіп, жас қырандар арасында бата беру сайысын өткізді. Сайысқа ауылдың жастары қатысты. Ескірмеген салттың бірі – бата беру. Қазақ бала кезінен ұрпағын үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген. Өйткені батаның адам өм іріне әсері зор болғаны тарихтан белгілі. Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге, бата алуға аса мән берген. Мақсат жастарды аталы сөзден ғибрат алуға, қазақ елін,оның салт-дәстүрін, тілін, және ділін құрметтеуге тәрбиелеу. Қазылар алқасы «Сәлем сөздің анасы», «Бата алғанның – бағы бар», «Салт-дәстүр» атты үш кезең бойынша білімдерін бақылап, үздігін анықтауға тырысты.Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орын жеке кәсіпкер Табылдиев Нұрлан Табылдыұлына бұйырса, ІІ орынға Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі дене тәрбиесі пәнәнің мұғалімі Алданов Аслан Орынғалиұлы лайық деп табылды. Сайыстың бас жүлдесін К. Мендалиев ЖОББМ мектебінің математика пәні мұғалімі Мухамбетов Дидар Айдынғалиұы еншіленді. Жүлдегерлердің барлығы арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

ЖАЛПАҚТАЛ МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ