Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында шаһар имамдарымен кездесіп, дін қызметкерлеріне насихат айтты.
Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, біз жыл басында 2023 жылды діни қызмет аясында «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жарияладық. Қазір осы бастама аясында бірқатар игі іс-шараларды бастап кеттік. Сіздерді халықты діни ағарту, ізгі қоғам құру бастамасына белсенді түрде атсалысуға шақырамын. Осы ретте айта кетер жайт, қасиетті Рамазан айында халық мешітке ағылатыны белгілі. Ораза кезінде халқымыздың сұрағына тыңғылықты жауап беріп, мұқтаж жандарға мейлінше көмек беруге назар аударсаңыздар. Берекелі айда Хақ пен халыққа қызмет етіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп етсін» деді.
Жиында ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев қасиетті Рамазан айында республикалық деңгейде атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.
таныстырды.