Жәнібек ауданық мешіттің ұйымдастырумен сауат ашу орталығында ұлттық құндылықтар дәріптелетін наурыз айында халқымызбен бірге жасасып келе жатырған қасиетті дәстүріміздің бірі бата беру,яғни » Баталы ел арымас” атты бата беру байқауы өтті.Ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаты бата беруден сынға түсті. Байқауға қатысушылар. 1.Абдошов Сансызбай. 2. Жуматов Нұрсултан. 3.Үмбеталиев Досжан. 4. Боранбев Аслан 5.Шайдоллин Мейрамбек. 1-кезеңде үміткерлер салт дәстүрге байланысты берілетін баталар айтуды жеребе тарту арқылы таңдап, сынға түсті және бата беріп қана қоймай, салт- дәстүр туралы білімдерін таразыға салды. ll кезеңде дастарханға берілетін бата бойынша сынға түсті. Үміткелердің бата беру өнерін бағалаған қазылар алқасы, Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Мырзағалиұлы Уалиев, ардагер ұстаз батагөй ақсақал Жүнісов Қабаш , Бас имам Қадырұлы Есенболат байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып бата беру де екінің бірінің басына бұйыра бермейтінін айтып, ,»талаптыға нұр жауар»- деген талаптанған жандарға ризашылықтарын білдірді. Байқау нәтижесінде І-орын ауыл ақсақалы Абдошов Сансызбай ағамызға, ІІ-орын Ұзынкөл ауылдық мешітінің имамы Үмбетәлиев Досжанға, ІІІ-орын ауыл азаматы Жұматов Нұрсұлтан ағамызға берілді. Сондай -ақ «,Батагөй азамат,, номинациясы Боранбев Асланға, ,,Баталы ұл арымас ,, номинациясы Шайдуллин Мейрамбекке берілді. Жүлдегерлерге дипломдармен марапатталып,бағалы сыйлықтар табыс етілді, аудан бас имамы сайысқа қатысушы ақсақалдарға алғыс білдірді.
Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі