Жәнібек ауданық мешіттің жанындағы Сауат ашу орталығында көрісу айт мерекесіне дастархан жайылды.
«Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деген тілектер айтылды.
Ауыл ақсақалдары айт мерекесінің ырыс-берекені еселеуге үндейтін, ауызбіршілік пен келісімді паш ететінін ,
осы мерекенің құндылығын,Қазақтың шежіресімен астасқан шығу тарихы мен бүгінгі ұрпаққа берер ұлағатын жан-жақты жеткізіп баталарын берді.
Шара соңында салт дәстүрден викториналық сұрақтар қойылып сыйлықтар берілді.
Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі