БҚО: «Садақа дастарханының ас мәзірі» атты шара өтті
БҚО бас имамы Самат Әлібаевтың қолдауымен Мешіт имамдары, мешіт ақсақалы, ардагер кеңес мүшелері және қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен «Садақа дастарханының ас мәзірі» бағытында атқарылған шара өткізілді. «Ақжайық тв» телеарнасына Орал орталық мешітінің бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы сұхбат берілді.
Ас мәзірін бірізділікке салу керек, өйткені халықтың арасында кейде садақа дастарханымен, той-қуаныш дастарханының айырмашылығы болмай кетті. Арасын ажырату мақсатында ұйымдастырылған шара болып табылады. Бұл шара ас мәзірін бірізділікке салу, қуаныш және қайыр садақасының айырмашылығын көрсету және ысырапқа жол бермеу бағытында қосылған үлес болды.
Құранда:
وكُلُواْ وَاشْرَبُواْ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ
«….Ішіңдер, жеңдер бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді»[1] – деп, берілген нығметті қалауымызша тұтынуымызды, бірақ ысырап жасамауымызды ескертсе, Пайғамбарымыз ﷺ:
كُلُوا وَاشْرَبُوا وَتَصَدَّقُوا وَالْبِسُوا فِي غَيْرِ إِسْرَفٍ وَمَخِيلَةٍ
«Жеңдер, ішіңдер, садақа беріңдер және киініңдер, бірақ ысырапшылдық пен дандайсуға жол бермеңдер»[2], – дейді.
Баспасөз қызметі