ТҮРКИЯ: ЕРІКТІЛЕР ТОБЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Түркиядағы «Талаба» қауымдастығы мүшелерінен құрылған еріктілер тобы жер сілкінісінен зардап шеккен қалаларға арнайы барып, тұрғындардың жағдайын біліп қайтты.

Діни басқарманың Түркия Республикасындағы өкілі Жандос Өмірзақұлы бастаған еріктілер тобы Қаһраманмараш, Газиантеп және Адана қалаларында болып, зілзаладан зардап шеккен жандарға қайырымдылық жасады. Табиғи апат салдарынан үйсіз қалып, шатырларда өмір сүріп жатқан жандарға азық-түлік, тазалыққа қажетті гигиеналық заттар және балаларға тәттілер үйлестірілді.

Түркия халқы қиын күнде қолдау білдірген қазақ еліне ерекше алғысын білдірді.