Облыстық орталық мешітінінің ұйымдастыруымен, Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітінің қолдауымен » Әһли сүннет уал жамағат кімдер? атты облыс, қала, аудан имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында семинар өтті.
Семинарға облыс бойынша 20 астам имамдар қатысып, білімін жетілдірді.
Алдымен Тәжіден Батырұлы мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Әлібаевты таныстырды. Самат Қанатқалиұлы жиналған имамдарға семинар өзектілін айтып, білімдерінді жетілдіріп, дін жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Облыс бойынша шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Әсет Романқұлов, Қамқор-Шарапат орталығының жетекшісі Әзілхан Бисенғалиев, «Халал Даму» ЖШС жетекші маманы Асхат Асылбеков, Орал медресе-колледжінің ұстазы Ерлан Кенжин баяндамаларын оқып, кеңінен түсіндірді.
Семинар барысында имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жетекші мамандардың лекцияларын ұйып тыңдап, жазып алып отырды.
Қатысқан имамдарға сертификаттарды бас имам Самат Қанатқалиұлы өз қолымен табыстады.
Жыл басынан бері имамдардың діни білімін жетілдіру семинары алғашқы рет өткізіліп отыр. Семинар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ
Нұрлан Саматұлы