ӘЙЕЛ ӘДЕБІМЕН ӘДЕМІ

Осындай тақырыпта ҚМДБ Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиеваның Сыр сұлуларымен сырласу кеші өтті.

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде және «Arafat» кафесінде ұйымдастырылған басқосуда Динара Құтқожақызы тақырып аясында әйел адамның көркем бейнесі, иба-әдебі, сүйікті жар, парасатты ана атанудың сырлары, бақыт отбасы құпиясы жайлы сыр бөлісіп, салихалы аналарымыздың өнегелі өмірінен насихат айтты.

Кеш соңында әйел адамның нәзік табиғатын жоғалтпай, үздіксіз даму үстінде жүруі, жан-жақты өнер-білімді меңгеруі туралы өзара пікір алмасып, өзекті сұрақтарға жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі