Алла Тағаланың өз құлдарына ризықты мол етіп беретін әр күні ізгілікке толы болады. Жаны жабырқағанға жанашырлық танытып, мейірімділік танытудың да сауабы мол.Ережеп айының құрметіне орай, сенбі кешінде Орал орталық мешітінде жамағаттарға арнап ақдастархан жайылды.
Бұл шараға барлығы екі жүзге елуге тарта адам қатысты.
Дастарханында басында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат Әлібаев алып, Бірлік пен ынтымақ жайында уағыз айтып, имамдар мен жамағаттың бірлесе қызмет етуге шақырып, жиналғандардың көңілінен шыға білді.
Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлы хазретіміз ыстық сәлемін жеткізіп, аталмыш мешіттің ұстазы, Мысыр елінен білім алған, Талғат Есқалиевқа сөз тізгінің ұсынды.
Талғат Мұратұлы ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның өмірінен сыр шертіп, ғибратқа толы салихалы істерімен ой бөлісті.
Алла Тағала өз құлдарын шапағатына алып, мейірін төгетінін де әңгіме өзегіне айналдырды.
Орал орталық мешіт жамағаттары дастарханнан дәм алып, шариғат жайлы әңгімеге қанығып, бір серпіліп қалды.
Орал орталық мешітіне жиналған жамағат жылы лебіздерін білдірді.
Ал, Бас имам Самат Әлібаев алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.
Жиналған жамағаттың сұрауымен дұға тіленіп, Құран оқылды.
Нұрлан Саматұлы