Облыстың Бас имамы жұма намазын жүргізді

Қасиетті жұма жаңадан тағайындалған ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Самат қажы Әлібаев Орал орталық мешітінің жамағаттары жүздесіп, жұма намазын жүргізді.

Облыстың Бас имамы Самат Қанатқалиұлы Орал орталық мешітіне жиналған жамағатқа «Мұсылман мұсылманға бауыр» тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.

Қазіргі күні бауырлас Түркия елінде болған жер сілкінісінен кейінгі жағдайды баршамыз естіп, біліп отырмыз. Мемлекетіміз тиісті дәрежеде көмек көрсету шараларын жүзеге асырып жатыр. Біз де бауырлас елдегі жағдайға бей-жай қарамай, қолымыздан келгенше жәрдемдесіп, ең болмағанда дұға етіп, жанашырлығымызды танытайық!

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!
Нұрлан Саматұлы

One Comment on “Облыстың Бас имамы жұма намазын жүргізді”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған