Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.
«Өткен жылы Астана мен Алматы қаласынан Діни басқарманың тікелей бақылауымен Құран ижазасын беретін орталық аштық. Аллаға шүкір, биылғы жылы осы ижаза орталығын тәмамдап Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейін тізбегі үзілмеген Құран ижазасына қол жеткізген шәкірттерге арнайы ижаза куәлігін табыстаймыз. Алла бұйырса, бұл да діни саладағы үлкен жетістігіміздің бірі болары анық» деді ҚМДБ Төрағасы.