Бүгін Алла Тағаланың қалауымен Тайпақ ауылдық округінде Тайпақ ауылдық мешітінің имамдарына бір бөлмелі қызметтік пәтердің кілті табыс етілді!
Осы игі шараға себепші болған Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Шадиярұлы Айтмуханбетовке, Тайпақ ауылдық округінің әкімі Болат Байғалиұлы Шаленовке және Ақжайық ауданының бас имамы Тұрсынғали Төлеуғалиұлы Құжапқа шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді!
Асыл дініміздің жанашырлары бабаларымыздың асыл діні, дәстүр-салты, тәлім-тәрбиесі сынды құндылықтарын насихаттауға аса мән беріп, әрдайым қамқорлық танытуда. Бүл игі шара құндылықтарымызды қастерлеп, мұраларымызды жаңғыртып, бабалар танымын ел-жұртымызға, жас ұрпақ санасына сіңіру жолында үлкен демеу мен қолдау деп білеміз.
Сіздерге шынайы ризашылығымызды білдіре отырып, еліміз бен дініміздің өркендеу жолындағы қызметтеріңізге абырой мен табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Баршамызға Алла Тағаланың нұры жауып, халқымыз береке-бірлікте, тыныштық пен бейбіт заманда күн кешіп, елдігіміз нығайып, асыл дініміз асқақтай берсін!
Тайпақ ауылдық мешітінің баспасөз хатшылығы.