Мемлекетіміздің рухани тірегі болған дәстүрлі діннің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, рухани құндылықтарды жаңғырту және халықтың ұлттық санасын ояту арқылы теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы күресу – күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Осыған орай, бүгін мектебіміздің 7-11 сынып ұл балаларына (қатысушылар саны-75) «Діни сауаттылық- қоғам қауіпсіздігі» атты шара өткізілді. Шара барысында мектеп директоры А.Турегалиева қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктерін айта отырып, Б.Момышұлының айтқан ұл балалар мен ер азаматтың бойындағы ізгі қасиеттерді тәрбиелеу туралы нақыл сөздеріне тоқталды.
Сонымен бірге, дін атын жамылған жат ағымдар идеялогиясын ажырата білуге және дәстүрлі емес діни ағым идеяларының таралуының алдын алу бағытында дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Убаев Наурыз Ибатұлы дәріс беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, қоғам үшін қауіпті құбылыс болған – діни экстремизмнің мәні, дінге қызығушылық танытатын жасөспірімдерге дұрыс ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті.
Баспасөз қызметі