БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына барған сапарында Жидда қаласында қажылық және ұмра қызметтеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты.

Басқосуда сөз алған Сауд Арабиясы королінің кеңесшісі, Мекке қаласының басшысы Халид әл-Фейсал, Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа, осы елдің көлік және логистика министрі Салех бен Насер әл-Жассер, Индустрия және минералды ресурстар министрі Бандар бен Ибрахим әл-Хорайеф, Екі қасиетті мешіт кеңсесінің бас төрағасы, шейх Абдул Рахман әл-Судейс мәртебелі меймандарға ізгі ниетін жеткізді.

Конференция жұмысында қажыларға заманауи үлгіде қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, көлік қызметін жақсарту, кәсіби медициналық көмек көрсету т.б. мәселелер талқыланды.

ҚМДБ Төрағасы конференция аясында мұсылман мемлекеттерінің мүфтилерімен кездесіп, пікір алысты.