ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2022: 164 229 СҰРАҚҚА ЖАУАП БЕРІЛДІ

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары жыл басынан бері еліміз бойынша 164 229  сұраққа жауап берді.

Пәтуа мамандары жеке кездесуде, телефон арқылы хабарласушыларға және әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына жауап беріп келеді. Мәселен, биыл 44 132 сұраққа жеке кездесуде жауап берілсе, телефон арқылы 36 774, ал әлеуметтік желі қолданушыларының 83 323 сұрағына жауап берілген. Сауалдардың 44%-ы ғибадат, 13%-ы отбасы, 11%-ы мүліктік қатынас, 10%-ы ақида, қалған 22%-ы әртүрлі тақырыптарға қатысты қойылған.

Бұдан бөлек республикалық Діни ақпарат беру орталығының мамандары (Call-орталық) жыл бойына 9842 сұраққа жауап берген. Оның басым бөлігі құлшылық, отбасы және сауда мәсәлелеріне қатысты қойылған. Ал діни сұрақ-жауап ретінде әзірленген 43 мақала fatua.kz пен muftyat.kz сайттарына жарияланды.

Сондай-ақ шариғат және пәтуа мамандарына отбасы құқығына қатысты 345 өтініш келіп түссе, оның 335-і тиісті шешімін тауып, қалған 10-ы әлі де қаралу үстінде.