Ақиқат қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Ақжайық аудандық мешіті мен спорт клубтарының қолдауымен жоғары деңгейде өткен «Шын мәнінде мүміндер бауыр» атты жамағат арасындағы спорттық сайысы көрермендерді қызық пен шаттыққа бөлеп, келген қонақтардың спорттық шараларға деген ықыласын оятты.
Жарыс Ақжайық аудандық мешіті жамағаты, Тайпақ ауылдық мешітінің жамағаты, Базаршолан ауыл жамағаты, Ілбішін мешіт жамағаты, Көнекеткен ауыл жамағаты арасында ұйымдастырылды.
Жамағат аралық жарыс бағдарламасы 6 эстафеталық кезеңнен құрылды. Кезеңдер «үстел теннисі», «қол күресі», «табан тартыс», «стритбол», «асық ату» және «арқан тарту» сайыстарынан тұрады.
Осындай тәлімді шараға қатысқан жамағаттар өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Жарыс барысында қатысушы топтар бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өздерінің ептіліктері мен спорттық шеберліктерін танытты. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Чапаев ауылы жамағаттары еш командаға дес бермей І-орынды иеленді. Сондай-ақ көрерменнің көңілінен шыққан Көнекеткен ауылының жамағаттары ІІ орыннан, Ілбішін ауылының жамағаттары ІІІ орыннан көрінді. Бәсекеге толы сайыс соңында сайысқа қатысқан жамағаттарға бағалы сыйлықтар табыстады.
Жарыс аяталған соң мешіт асханасында жайылған дастарханға жайғасып, дастархан басында Ақжайық аудандық мешітінің бас имамы жамағаттарға уағыз насихат айтты.
Бұл жердегі жеңіс сыйлық емес, бұл жамағат болып тамаша уақыт өткізгенімізде.
Алдағы уақытта бұл сайыстың жалғасын табуын күтеміз!
Ақжайық аудандық мешітінің баспасөз хатшысы