Жақында Тасқала ауданына Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев арнайы барды. Аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы мен облыстық орталық мешіттің найб имамы Самат Қанатқалиұлы аудандық мешіттің найб имамы Айдын Бақытұлына жамағаттың демеуімен жиналған «Үмра» кіші қажылығына жолдаманы табыс етті. Сөз алған қонақтар Айдын Бақытұлының жиырма жылдан аса уақыт көлемінде аудан жамағаттына басшылық жасап, жамағаттың қалыптасуымен діни тұрақтылықтың болуына себепші болған білікті маман екендігін атап өтті. Айдын Бақытұлының жылдар бойы жасаған жұмысының жемісі жамағат тарапынан берілген жолдамаға ие болуға себеп болғанын, осындай тамаша мүмкіндік кез келген адамға бұйыра бермейтіндігі айтылды. Осы жылдың аяғына таман кіші қажылыққа барып, қажылықта еліміздің дамуы мен тұрақтылығына, ауданның дамуына дұға жасауға тілек білдірді.
Өз кезегінде Айдын Бақытұлы ризашылығын білдіріп, қонақтарға, аудан жамағатына, азаматтарына, бас имам Құлтөре Сақийұлына алғысын айтты.
Тасқала аудандық мешітінің баспасөз қызметі