18-22 маусым күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты медресе- колледждерде мемлекеттік қортынды емтихан өтеді.
Бүгін Ақжайық өңіріндегі «Орал» медресе-колледжінде емтихан басталды.
Алдымен облыстың бас имамы Самат Алибаев арнайы келген қонақтарды таныстырып, 3 жыл алған білімдеріңізды шыңдап, сынайтын уақыт келгенін тиек етіп, шәкірттерге сынақ емтихандарын өте жақсы бағаға тапсыруды тіледі.
Одан кейін ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин білім жайын қозғап, ел танитын имам мен ұстаз болу жөнінде тілегін жеткізді.
Айта кетейік, биыл Діни басқармаға қарасты 9 медресе-колледжді 434 түлек бітіреді. Оның 289-ы ер, 145-і қыз бала. Бітіруші түлектердің 210-ы бұйрық алып қызметке орналасуда, ал Орал медресе-колледжін 18 түлек бітіреді, 12 шәкірт қала, аудан, ауыл мешіттерінде қызмет жасаса, 6 шәкірт «Нұр-Мүбарак» университеті мен «Хусамуддин ас-Сығанақи» институтына түсуді жоспарлап отыр.
Емтиханда Орал медресе- колледжінің директоры Талғат Искалиев және медресе ұстаздары Бақытжан Бектияров пен Жарас Елубаев комиссия құрамында болады.
Нұрлан Саматұлы