Оралда ұстаз Смайыл Сейтбеков имамдарға семинар өткізуде.

Оралға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы сапармен келді.

Сапар аясында “Сити” орталығының ғимаратында БҚО имамдарына арналған Ислам тарихы “Әділетті халифалар” атты оқыту семинарды өткізуде.

Аталмыш тақырып турасында ғалым ұстаз дәлел-деректермен лед экраны арқылы көрнекілікпен тақырыпты кеңінен жеткізіп, нақты ақпараттар берді.

«Біздің мақсатымыз – имамдарды жан-жақты дамыту, білім бағытын жетілдіру. Біліміміз терең болу арқылы қай-қайсы да қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, бірлікпен ұлы мақсаттарға жетеміз. Бұл мақсатта имамдар жетекші роль атқарады» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков.
Баспасөз қызметі