Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен мүфтият қызметкерлері РФ Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өтіп жатқан «KazanForum» XV халықаралық экономикалық форумына қатысып жатыр.
ҚМДБ делегациясының құрамында Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы мен «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Нүсіпханұлы бар.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан форумға биыл әлемнің бірнеше мемлекетінен делегаттар қатысуда. РФ Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов форумның ашылуына арнайы қатысып, төрт күнге созылатын ауқымды шараға сәттілік тіледі. Сондай-ақ форум аясында «RUSSIA HALAL EXPO 2024» халықаралық көрмесі ашылып, халал өнімдердің жәрмеңкесі өтіп жатыр.