АҚСАҚАЛДАР БАС ҚОСТЫ

ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан қажы Сабралиевтің бастамасымен Мәуліт мерекесіне орай Орал орталық мешітінің жанындағы «Ақсақалдар» алқасының мүшелеріне арнап ақдастархан жайды.

Мәуліт мейрамы пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) мадақ айтудан басталып, құран сүрелері оқылып, хадистен сыр шертілді. Дініміз ардақталып, баба дәстүрі насихатталды. Мұндай жиынның өскелең ұрпаққа берері мол, – дейді бас имам Бақытжан Құралбайұлы.

Қасиетті айда мешіттің ақсақалдары рухани әңгімелер айтып, бата беріп, көңілді тарасты.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған