Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында Мәуліт мерекесіне қатысып, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Түрксіб аудандық «Мекке» мешітінің имамы, көп балалы әке Рахматулла Моллақағанатұлына 596-пәтер кілтін табыстады.
Бас мүфти: «Алла Тағала жаңа баспанаңыздың ішін жанға, сыртын малға толтырып, отбасыңызға берекелі ғұмыр нәсіп етсін» деген ізгі тілегін білдірді.
Айта кетсек, аталған қайырымдылық жоба бойынша Алматы қаласында осымен 20-пәтер өз иесіне берілді.