Қасиетті жұмада Ақжайық өңірінің бас имамы Самат Алибаев, РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлын жиналған қауымға таныстырып, жұма уағызын жүргізуді ұсынды.
Ар-Рахман орталық мешітінде ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Медет Құрмашұлы жұма уағызын жүргізді.
Іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы «Талақ-Алла сүймейтін іс» тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен бірге намаз оқыды.
Одан кейін Орал медресе- колледжінің шәкірттерімен жүздесті.
Кешкі уақытта Мұхаммед-Ғариф Түлбаев атындағы Орал қалалық мешітінде ақдастархан жайылып, “Білім алу- әр мұсылманға парыз” атты уағыз айтып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
Тәжіден Батырұлы атындағы мешітінде келесі күні де дастархан жайылып, “ Бірлік пен ынтымақ” турасында уағыз айтылса, жамағаттардың сауалдарына ұласты.
Екінші күні “Ар-Рахман” мешітінде “Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті” атты облыстық семинарға ұласып, Медет Құрмашұлы аталмыш тақырып аясында кеңінен тоқталып, имамдардың көкейкесті сауалдарына тұщымды жауап берді.
Семинарға облыс пен қала имамдары қатысты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
Нұрлан Саматұлы