Жақында “Ізгі қоғам” аясында облыстық “ Ар-Рахман” мешітінде бас имамның бастамасымен ақдастархан жайылды.
Қасиетті Құранда Алла Тағала «Сендерге берген ризық-несібелеріміздің адалынан жеңдер» («Бақара» сүресі, 172-аят),- деген.
Дастархан басындағы жиын береке, ырыс, бақыт пен шаттыққа толы келеді дейді қонақжай халқымыз.
«Ас – адамның арқауы» демекші, бас имам Самат Алибаев жиналған жамағатқа “Бірлік пен ынтымақ” жайында уағыз айтып, сауалдарына жауап берді. Сұрақ-жауап арқылы білімдерін шындап, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.
Ал, имамдар көркем уағыз айтатын кездесулер дәстүрге айналғаны көпке белгілі.
Осы бір игі шара толастамай жалғасын таба бермек.
Ақжайық өңірінің рухани жүрегі орталық «Ар-Рахман» мешітінде дәстүрлі ақ дастархан жайылып, намазда бір сап түзеген жамағат ас үстінде бас қосты.
Шара соңында бас имамы Самат қажы Қанатқалиұлы сөз сөйлеп, бұл жиынның мән-маңызын тілге тиек етті.
Ал, жастарға бата беріп, ел тыныштығын тіледі.
Баспасөз қызметі