ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан Республикасына барған сапарында осы елдің мүфтиі Замир Ракиевпен кездесті.

«Сізге шақыртуыңыз бен қонақжайлық пейіліңіз үшін тағы да өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан, еліміздегі барша мұсылман бауырларыңыздың атынан айрықша алғысымды, риясыз ризашылық ниетімді жеткіземін. Алла разы болсын! Жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын!

Өзіңіз жақсы білесіз, қазір әлемде жаһандану үрдісі жүріп жатыр. Жаһандану үрдісі біздің жастарымызға дінімізге, дәстүрімізге жат әрекеттерді үйретуде. Сондықтан осы ретте біз рухани күш біріктіріп, жастарымызды жаман әдеттерден арашалап алып қалуымыз керек. Ол үшін ең алдымен рухани бірлікті арттыру маңызды деп санаймын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.