ҚАЗАҚСТАН МЕН ТӘЖІКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ БАС МЕШІТКЕ БАРДЫ (ФОТО)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітке барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құран аяттарын оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Екі ел басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.

Айта кетейік, Эмомали Рахмон Тәжікстанның Қазақстандағы мәдени күндеріне арнайы келген болатын.