Орал қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен БҚО өкілдігінің қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.«Ар-Рахман» мешітінде өткен іс-шара барысында 100 балаға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табысталды. Қайырымдылық шарасына қатысқан бас имам Самат Қанатқалиұлы ата-аналар мен балаларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, оқуда озат, еңбекте табысты болуын тіледі.
Қайырымдылық шарасы аясында жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, 610 оқушыға (дәптерлер, қалам, сызғыш, циркуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім, аяқ киімдер т.б.) үлестірілді.
Игі шараға қалалық, аудандық, ауылдық мешіттерінде жалғасты.
Баспасөз қызметі