Нұрлыбек Шакизадаұлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен Орал қаласына арнайы іс-сапармен барды

РАНТ мүшесі Ақжайық өңірінде
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен Орал қаласына арнайы іс-сапармен барды.
Атап айтқанда, Орал орталық мешітінде «Еңбек—ырыс қазығы» тақырыбында насихат айтып, жұма намазын өткізді.
Сондай-ақ Орал медресе колледжінің шәкірттерімен жүздесіп,«Діни білімнің маңызы және әдеппен байланысы» тақырыбында ой өрбітті. Одан өзге, «Шынайы мұсылманның сипаттары және көркем мінез» төңірегіндегі жамағат уағызында Бас имам:« Қияметте амал таразын ауыр басатын амал—көркем мінез. Қандай амал жасасаңыз да мінезіңіз дұрыс болмаса, көп ісіңіз зая кетпек,»,-деп мінез-құлықтың маңызын түсіндіріп өтті. Ал көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жұртшылықты мұсылманның көркем сипаттарына әрдайым ұмтылуға шақырды.
Орал орталық мешітінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *