Бөрлі ауданына жаңа имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазретіміздің 19.05.2023 ж. №1080 бұйрығымен Ерденбек Жанұзақұлы Ихсанов БҚО, Орал қаласы , “Ар-Рахман” мешітінің наиб имам қызметінен босатылып ,Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күнінде, Бөрлі ауданына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы, Орал қаласы “Ар-Рахман” мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлы Алибаев арнайы іс-сапармен келді.

Жаңа имамды тағайындауға арнайы келген бас имам Самат Қанатқалиұлы алдымен жиналған жамағатқа «Имам ағзам Әбу Ханифаның өнегелі ғұмыры мен өсиеттері» туралы уағыз айтты.

Жиналған жамағат алдында ауданымыздың бас имамы болып қызмет атқарған Ерлан Бауыржанұлы Айтеновке алғысын білдіріп, оның аудан халқы үшін сіңірген еңбегіне алғысын білдіріп, қазақтың дәстүрімен иығына шапан жауып, БҚО Орал қаласы «Ар-Рахман» мешітіне наиб имам болып тағайындалғанын жеткізіп, өз атынан алғыс хат ұсынды.

Ерденбек Жанұзақұлы Ихсанов сіздердің жаңа имамдарыңыз. Бөкей Орда ауданы, Сайхын ауылының тумасы.
Ерденбек Жанұзақұлы Ихсанов 08.06.1990 жылы дүниеге келген.

2008-2011 ж ҚМДБ-ға қарасты «Орал» медресесі
2018-2020 ж Нұр Мүбарак Егепит ислам мәдениеті университеті, дінтану мамандығын алған.

2011-2015 ж БҚО, Ақжайық аудандық мешітінде бас имам;
2011-2018 ж БҚО, Шыңғырлау аудандық мешітінде бас имам;

2018-2022ж БҚО, Орал қалалық облыстық мешітінде найб имам қызметін атқарды.
Отбасылық жағдайы үйленген, 3 ұл 2 қыздың әкесі.

Алла Тағала Имамдарымызға абыройлы да берекелі қызмет нәсіп етсін!

Баспасөз қызметі