БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫНАН КЕЛГЕН МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері, шақыру және нұсқаулық министрі Абделатиф бен Абдулазиз әл аш-Шейхпен кездесті.

Кездесуде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық достықты нығайту, дүниежүзі халықтарын бірлік пен бейбітшілікке үндеу, қоғамда тыныштық пен тұрақтылық орнату бағытындағы рөлі мен маңызы сөз болды.

Сауд Арабия Корольдігінің Ислам істері, шақыру және нұсқаулық министрі Абделатиф бен Абдулазиз әл аш-Шейх елордада өткен халықаралық жиынның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар игі басқосуға ұйытқы болған Қазақ еліне айрықша алғыс білдіріп, іс-шара әлем халықтарына ізгі ой тастағанын жеткізді.

Басқосу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түрлі бағыттағы жұмыстарын баяндады. Мәртебелі мейман мүфтияттың игі істеріне сәттілік пен береке тіледі.

Екіжақты кездесуден кейін Наурызбай қажы Тағанұлы қазақы қонақжайлықпен мейманның иығына шапан жауып, кәде-сыйын тарту етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған