Қасиетті «Ораза айт» мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өтті.
Аталған шараға қала тұрғындары, жастар және қала қонақтары қатысты.
Іс-шараны ашқан «Ар-Рахман»мешітінің бас имамы Самат Қанатқалиұлы: -Құрметті Оралдықтар және қонақтар! Сіздерді Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының атынан қасиетті Ұлық мереке Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – еліміздің береке-бірлігін бекемдейтін, әр адамның жүрегіне ізгіліктің дәнін себеді.
Жиналған жамағаттарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, спорттық сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа қатысушылар асық ату, қол күресі, арқан тартыс, ләңгі тебу, асық ату, қой көтеруден көтеруден сынға түсті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне
«Ар-Рахман» мешітінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спорттық шараны жоғары деңгейде өткізген аталмыш мешіттің наиб имамы Бағдат Шақаев болатын.
Айт мерекесінде балаларға» Рамазан қоржыны» тегін таратылды
Осындай игі шара қала, аудан мешіттерінде өз жалғасын тапты.
Ар-Рахман мешітінің баспасөз қызметі