Оралда ғалым-ұстаздар мен журналистерге арнап ауызашар дастарханы жайылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының БҚО бойынша бас имамы Самат Алибаевтың бастамасымен, Орал орталық мешітінің баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкешовтың қолдауымен ғалым-ұстаздар мен БАҚ өкілдеріне арнайы ауызашар дастарханын жайды. Алдымен Орал орталық мешітінің баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлы сағындырған Рамазан айымен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып, Ақжайық өңірінде асыл дінімізді кеңінен насихаттап жүрген ғалым-ұстаздар мен хақ жолында қалам тербеп жүрген журналистерге дастархан жаюдағы мақсат – ұлық айымыз Рамазанның құрметіне орай, ауызашар дастарханында бас қосып, емін-еркін жүздесіп, өзара қатынасты нығайтып, шәкірттеріміз бен елді асыл дінімізге шақырып, салт- дәстүрімізді қалың жұртқа жеткізу екенін айтты. – Бағытымыз, тақырыбымыз, мақсатымыз анық. Ислам діні – жақсылыққа шақыру, жаман әдеттерден бойларын алыс ұстау болатын. Сіздерді арнайы шақырып, дәм татырып, рухани әңгімелер айтып, ортақ пікірлерді тыңдап, елге айту өте орынды. Келген қонақтар ақтілектері мен жүрекжарды ниеттерін білдірсе, Орал орталық наиб имамы Наурыз Убаев ғибратты уағыз айтып, құран аяттарын өмірден өткен жандардың рухына бағыштап, ұстаздар мен журналистердің еңбек жолының жемісін көріңіздер дұға жасады. Сағынышқа толы келесі рамазан айына дейін аман болайық, ұстаздар мен журналистер қауымы!
Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz