Сулыкөлде мешіт құрылысы аяқталуға жақын

Мешіт – елді бірлікке, ынтымаққа бөлейтін тыныштық мекені. Азанның үні естілген елде береке болады. Сулыкөл ауылдық округінде болған ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері округте салынып жатырған сәулеті көз тартар мешіт құрылысының тыныс тіршілігімен танысты..100 орынға лайықтап жасалынған Алла үйінде имам бөлмесі және үлкен зал орналасқан. Ауыл әкімі Бағдат Рафиғоллаұлының айтуы бойынша мешіттің ішкі құрылыстарын толықтай аяқтау тамыз айына жоспарланған. Аудандық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшелері «Ізгілік» деструктивтік діни ағымдардардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмірбек Әлібекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллин және аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Әділжан Төлебайұлы мешіт құрылысының тез арада аяқталып, халық игілігіне берілуіне игі тілектерін білдірді.