Ақжайық өңірінің Бас имамы Самат Қанатқалиұлының бастамасымен Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының атынан мүмкіндігі шектеулі жандарға аталмыш мекеменің ғимаратында ауызашар берілді.
Дастархан басында Орал орталық мешітінің наиб имамдары Наурыз Убаев пен Ерденбек Ихсанов Рамазан айының қасиеті турасында уағыз-насихат айтылды.
Наиб имамдар сауабы еселеніп берілетін шараға қолдау көрсеткен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыс имамы Самат Қанатқалиұлына алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке бергей деп дұға етті.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі