Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен мешіттер жанынан құрылған Аталар мектебінің өкілдері бас қосты.
Жиында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауда ақсақалдардың ролі ерекше екенін атап өтті.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан арнайы ақсақалдар алқасы бар екені белгілі. Біз әртүрлі тақырыпта мешіт істері, жастармен жұмыс, садақа, жаназа сынды көпшілік ортада дін қызметкеріне тән ұстамдылық пен тәртіп мәселесінде басқа да ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеуде сіздердің кеңестеріңіз қажет. Халқымызда «Қарты бардың қазынасы бар» деген керемет сөз бар. Ұрпақ, қоғам тәрбиесі тақырыбындағы шараларды өздеріңізбен кеңесіп отырып атқарамыз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Алтынбек Ұтысханұлы алдағы уақытта орта буын өкілдері арасында Әкелер мектебі құрылатынын атап өтті.
Жиында Аталар мектебінің жұмыс жоспары талқыланды.