ДҰРЫС ТАМАҚТАНУДЫҢ ПАЙДАСЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық ”Нұр” мешіті, “Әйел-қыздар” секторының ұйытқы болуымен “Дұрыс тамақтанудың пайдасы” тақырыбында семинар өтті.

Әйел жамағатына арналған семинарға ҚМДБ жанындағы “Халал Даму” мекемесінің Қызылорда облысы бойынша өкілі Перизат Жандылдақызы және онкохирург, нутрициолог-дәрігер Асылай Әнуарбекқызы қатысты.

Мамандар адал ас тұтынудың хикметі мен дұрыс тамақтанбаудың зияндары жайлы түсіндіріп, түрлі аурулардың алдын алу жолдарын ұсынды.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ұйымдастырылған шара соңында қыз-келіншектердің сауалдарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі