ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазына қатысты.
Көпшілікпен бірге қариға ұйып намаз оқып, соңынан Тараз жамағатына бата берді. Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, әрбір шаңыраққа бақ-береке, жамағатқа ауызбіршілік, татулық, елімізге амандық тіледі.
«Рамазан айы және татулық» турасында көркем уағыз айтып, жастардың көкейіне ой салды. «Пайғамбарымыз (ﷺ) ешкімді ұлты, діні деп бөліп-жарып қарамаған. Алла тағала: «Біз сені әлемдерге рақым нұры шуағы етіп жібердік», – деп, пайғамбарымыз Мұхаммедті (ﷺ) жер бетіне мейірімділік пен көркем-мінездің үлгісі етті. Алла елшісінің (ﷺ) бойындағы барша қасиеттерді бүкіл елдің, ұлттың бойынан табуға болады. Ислам діні пенделерді тек иман дәрежесі мен тақуалығы арқылы ғана ажыратады,» – деп атап өтті насихатында.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі